Жас стартаптардың тек 32 пайызы Startup Garage-дан сәтті өтті
Astana Hub-тағы Startup Garage бағдарламасының екінші легі аясында 118 стартаптың 38-і ғана инкубациядан өте алды. Қатысушылар дамудың келесі сатысына өтіп, сатылымын арттырды және халықаралық нарыққа шықты. Стартаптардың белсенді дамуы арқасында 68 жаңа жұмыс орны ашылды. Қатысушылар жалпы сомасы 87 миллион теңгенің өнімін сатты.