Астаналық Astana Hub технопаркі Қазақстанның болашақ IT-мамандарын оқытуды қаржыландырады
2021 жылғы Жолдауында мемлекет Президенті Қасымжомарт Тоқаев Үкімет алдына кемінде 100 мың білікті IT-кадр даярлау туралы міндет қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізге толық "цифрлық қайта жүктеу" қажет. Қазақстандық студенттердің сапалы цифрлық білім алу мүмкіндігі болуы үшін Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі Tech Orda бағдарламасын іске қосты.