Орталық Азия елдері арасында Astana Hub акселераторықатысушысының жобасы алғашқы цифрлық қоғамдық игілік болып танылды
“Қолжетімді Қазақстан” стартап жобасы – бұл қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоғамдық нысандардың қолжетімділігі туралы ақпаратты көрсететін елдің виртуалды картасы. 2021 жылдан бастап жоба “Tandau Foundation” қоғамдық қоры Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен серіктестікте жүзеге асырылып келеді. Цифрлық қоғамдық игіліктің талаптары мен стандарттарына сай ақпараттық жүйені пысықтау бойынша маңызды іс-шаралар жүргізілді.