Global Outsourcer нәтижесі: 27 ел, 73 келісім-шарт, $158 мың табыс
Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру үшін IT-аутсорсинг компанияларды қолдауға арналған Global Outsourcer бағдарламасының бірінші легі табысты өтті. Акселерациядан өткен 15 команда жалпы құны $158 мың құрайтын 73 келісім-шартқа қол жеткізді. Қатысушылардың сату географиясы АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Түркия, Австралия және т.б. сияқты әлемнің 27 елін қамтиды.