900 мың рет көшіріледі, мұнымен тоқтап қалмайды – Not Friendly Games ойын нарығын жаулап алуға әзір
Бүгінде жаһандық ойын индустриясын ең ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі деуге болады. Сарапшылар қазірдің өзінде компьютерлік ойындар нарығын 300 миллиард долларға бағалап отыр. Ал бүкіл әлемдегі геймерлер саны 3,2 миллиард адамға жетті. Әттегенайы сол – видеоойындар сонша танымал десек те, болашағы зор нарықта Қазақстаннан шыққан әзірлеушілер көп емес. Он мыңдаған геймердің жүрегін жаулаған сапалы өнімдер жоқтың қасы. Astana Hub-қа қатысушысы қазақстандық Not Friendly Games стартабы бұл қалыпты өзгертпекші. Сөйтіп, халықаралық деңгейде жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық студия болуға әзір тұр.