Нью-Йоркте сервисті іске қосу үшін павлодарлық стартап $500 мың тартты
Astana Hub технопаркінің қатысушысы – KuickTech қазақстандық компаниясы несиені қайта қаржыландыру бағытындағы Avoloan fintech-стартабын іске қосу үшін $500 мың жеке инвестиция тартты. Павлодарлық жобаның негізін қалаушылары мен бағдарламашылары американдықтарға несие карталарындағы қарыздарын жабуға көмектесуді жоспарлап отыр. Ол үшін қайта қаржыландыру қызметін іске қоспақ.