Бизнеске аз ақша жұмсап, көбірек табуға көмектеседі. Relog стартапы логистика туралы ойды қалай өзгертіп жатыр
«Жеткізу қызметін оңтайландырудан қара белбеуім бар», – Relog стартапының негізін қалаушы және бас директоры Бауыржан Рүстемов өзі туралы осылай дейді. Тасымалды автоматтандыру жобасы бизнеске тауар жеткізу уақытын қысқартып, көлік шығынын үнемдеуге көмектеседі. Стартап қазірдің өзінде $20 млн-ға бағаланып, Тимур Турлов пен Марғұлан Сейсенбайдан инвестиция тартты. Relog жұмыс істейтін компанияның қоржыны қомақты: Coca-Cola, Sulpak, Metro, Johnson & Johnson, Zeta. Барлығы 300-ден астам клиенті бар. Digital Business пен Astana Hub-тың бірлескен «Қазақстандағы 100 стартаптың тарихы» жобасы аясында Бауыржан Relog клиенттер үшін несімен құнды екенін, халықаралық нарықта кеңею жоспары және Қазақстанда B2G-мен жұмыстың қиындықтары туралы айтып берді.