Стартапқа ондаған мың доллар салды. Алматылық тұрғын шағын және орта бизнесті қаржыландыруға көмектесетін платформа құрып жатыр
Асхат Серікбекұлы мектеп қабырғасынан бағдарламалауға құмар болды: ол 90-жылдардың соңында сайт жасап жүрген еді. Алайда мансабын қаржы саласында құруды жөн санады. 2008 жылы достарымен бірге түрлі компанияларға арналған жобаларды басқару жүйесі стартабын іске қосқаны рас. Дегенмен, ол кезде Қазақстанда мұндай өнім сұранысқа ие болмады.