ServerCore бұлтты провайдері өз сервистерінің Қазақстан мен Өзбекстандағы PCI DSS стандартына сәйкестігін растады
IT-инфрақұрылымның халықаралық провайдері Servercore – Payment Card Industry Data Security Standard (PCI DSS) халықаралық деректер қауіпсіздігі стандартына сәйкес Қазақстан мен Өзбекстанда өз сервистерін сертификаттаудан өткенін жариялады. Аудитті Compliance Control халықаралық компаниясының мамандары жүргізді.