«Кассирден стартапқа дейін». Қарағандылық жігіт мейрамханалар, кафелер мен агрегаторлардың «ауруын» қалай шешеді
Қарағандылық Нәби Мұратбек Назарбаев Университетінде оқып жүргеннен-ақ жалдамалы жұмысшы ретінде жеке мансабын бастаған. Кейіпкеріміз бірінші курстың өзінде Choco-да data scientist болып жұмысқа орналасыпты. Екінші курста – KPMG-де machine learning engineer позициясында істеген. Небәрі 20 жасында ол Big 3-ке жұмыс істей алатын деңгейде (әлемдегі ең ірі стратегиялық консалтингтік фирмалар: McKinsey, Boston Consulting Group және Bain) болады. Бірақ оның орнына курстастарымен бірге Recruitment.ai. компаниясының HR қызметінде жұмыс істейді. Жоба сәтсіз аяқталған. Бірақ қарағандылық жігіт мақсатынан танбай, жарты жылдан кейін LinkedIn-нің экс-software engineer-і болған Мақсат Қадыровпен бірлесіп Кwaaka стартап-қызметін іске қосады.